Сонымен бірге ол ерте қартайып, әже кейпіне енетін әйелдерді сынады.
"Баяшка": Баян Мақсатқызы әже болғысы келмейтінін айтты
3,773
оқылды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы “Замандас” арнасына сұхбат беріп, өзінің қарттықтан қорықпайтынын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алайда өнер иесі әдемі қартайғысы келеді.

"20 жастағы Баян мен 50 жастағы Баянның айырмашылығы болады. Байқасаңыз, қолым мен бетімде әжім бар. Терілерім босайды. Оған ештеңе де істей алмаймын. Жұрт мені ерніне ботекс жасатқан деп ойлайды. Бірақ осы күнге дейін жасанды жолмен бет-әлпетімді өзгерткен емеспін. Сұлулығымды сақтағым келеді. Мұның бәрі ата-анамнан берілген дүние емес, тұрақты күтімнен. Үнемі өз денсаулығыма мұқият болып жүремін”, – деді продюсер. 

Сонымен бірге ол ерте қартайып, әже кейпіне енетін әйелдерді сынады. 

“50 жастан асып, немере көргеннен кейін біздің қазақтың қыз-келіншектері әже болып қалады. Бұл дұрыс емес. Мен де әжемін, бірақ менталды әже емеспін. “Басым ауырып тұр, шай қой!” деп ешкімге айтпаймын. Осындай сөздер айтатын әйелдердің негізінен еш жері ауырмайды. Бірақ жасы әже болғасын, солай сөйлейді. Мысалы, менің жиен немерелерім бар. Мені “әже” демейді, “Баяшка” дейді. Өйткені менің анам мені солай айтады. Содан балалар да үйреніп алған”, – деп күлді актриса.