Жедел-іздестіру шараларын Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жүзеге асырды.
Алматыда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті
1,825
оқылды

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскердің жасы - 40-та, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов жариялады.

"Жамбыл облысының полицейлері ұсталған адамға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша іс жүргізу бастаған. Ұсталған ер адамның бірнеше ай бойы Алматы қаласының аумағында құқық қорғау органдарынан жасырынғаны анықталды", - делінген жазбада.

Қазіргі уақытта ол Қарасай ауданы ПБ УҰИ-на қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.