Полицияға ұрлық туралы мешіт қызметкерлері хабарлаған.
Түркістан облысында әйел мешітке ұрлыққа түскен
909
оқылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 51 жастағы әйел мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлады деген күдікке ілінді, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицияға ұрлық туралы мешіт қызметкерлері хабарлаған.

Аудан тұрғыны түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келген. Содан іште төсеулі тұрған екі бірдей кілемді ұрлап кеткен.

Полицейлер күдікті әйелден қолды болған айғақ заттарды тәркіледі.

Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.