Батыс Қазақстанда жүк көліктері ұзынсонар кептелісте тұруға мәжбүр.
Ресеймен шекарадағы «Сырым» бекетінде жүк көліктері кептелісте тұр
Фото: "Қазавтожолдан" алынды
1,035
оқылды

"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, «Самара – Шымкент» тасжолындағы «Сырым» бекетінде шекаралық тексерудің ұзақтығы жүк көліктерінің бөгелуіне себеп болып отыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазір мұнда жиналған ауыр техника саны 280-ге жеткен. Кезегін бірнеше күн бойы күткен жүргізушілер әріптестерін басқа бекет арқылы айналып өтуге кеңес беріп жатыр. 

Көлік иелерінің айтуынша, Батыс Қазақстан облысының аумағындағы халықаралық, республикалық маңыздағы жолдар түгел тазартылған. Жолда ешқандай кедергі болмапты.

Тасжолдағы қозғалыс қазір қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Алайда Ресеймен шекарадағы «Сырым» өткізу бекетінің қабілетіне байланысты кептеліс байқалады.