Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқты ұстады.
Тұрмыстық техника сататын дүкеннің сатушысы тұтынушының атынан кредит рәсімдеген
Фото: polisia.kz
1,302
оқылды

Жедел-іздестіру нәтижесінде, 24 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті сауда үйінде сатушы болып жұмыс істеген. Яғни, ол дүкенге келген тұрғынға сатылымда тұрған тұрмыстық техникаларды тауарлық несие жолымен алуға көмектеспек болған.

Алайда келушінің банк қосымшасын тартуға телефоны жарамсыз болғандықтан, күдікті жігіт өзінің телефонынан жүктеп, тауарлық несие алып берген. 

Кейінірек жас жігіт телефонында сақталған жәбірленушінің банк қосымшасын пайдаланып, келушілердің атынан жеке мәліметтері арқылы тағы да 700 мың теңгенің тауарын несиеге алған.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында бұдан бөлек күдіктінің дәл осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екенін анықтады.

Бұған дейін  Жалақысы 100 мың теңгеге жетпесе де, той жасау үшін кредит алуға асығатындар туралы жазған болатынбыз.