52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеп жүрген.
Өзбекстанда жоғалған азамат Ақмола облысынан табылды
Polisia.kz
1,737
оқылды

Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіруді сәтті аяқтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.

«Қ.Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кетуі туралы арыз осы жылы 22 қаңтарда Біржан сал ауданының полиция бөліміне келіп түсті. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген. Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ. Жоғалған кісі 24 ақпанда Степногор қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылында табылды», - делінген хабарламада.