Ер адам ауруханаға жатқызылды.
Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды
709
оқылды

25 ақпан күні сағат 20:21-де Павлодар қаласында Орджоникидзе көшесіндегі тұрғын үйден өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері оқиға орнына дереу барды. Белгілі болғандай жеке тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Үй заттары мен шатыр жанып жатты, – деп жазды ТЖД баспасөз қызметі.

3-ӨСБ қарауыл бастығы Қайрат Бексеитов пен бөлімше командирі Бақтияр Нұрмағамбетов жанып жатқан үйден 1961 жылы туған ер адамды алып шығып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Ал өрт сөндіруші Қайыргелді Қарыбаев үйден газ баллонын эвакуациялады.

Өрт сағат 21:01-де оқшауланып, сағат 21:26-да сөндірілді.

Өрттің себебі мен келтірілген шығын анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмыс істеді. Сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылды.