Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақмола облысында лауазымды тұлғалар бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: Петр Карандашов
624
оқылды

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеріс жүргізді.

– Соның нәтижесі бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды. Бұл дерек бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкция бойынша сотталушылардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – делінген хабарламада.