Қазақстан бойынша тұман күтіледі.
Жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын: 27 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
1,541
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 27 ақпанда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, оңтүстігінде жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман күтіледі.