Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылдық әкімдігі жалақыны заңсыз ұрлап келгені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
«15 миллион теңге»: Әкімдік қызметкерлері үш жыл бойы заңсыз жалақы алып келген
770
оқылды

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше әкімдік қызметкерлері үш жыл бойы үш жыл бойы заңсыз жалақы алып келген.   

– Целиноград ауданының прокуратурасы бюджет шығынын тексерді. Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары үш жыл бойы жалпы 15 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келген», – дейді Ақмола облысы прокуратурасының өкілі. 

Аталған факт бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігіне қатысты Қылмыстық кодекстің 189- бабының 4-бөлімі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы