Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үш күнде мал ұрлайтын 12 қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Мал ұрлығы»: үш күнде 12 қылмыстық топ ұсталды
Фото: видеодан скриншот
738
оқылды

Республика бойынша «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық  шарасын өткізді. 

Polisia.kz-тің дерегінше, операция жүргізуге 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды. 

Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату фактілерін анықтау үшін 3,5 мыңнан астам ет базарлары, павильондар және мал сою цехтары тексерілді. 

«Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар. 360-тан астам ұрланған мал басы табылып, иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар ветеринария саласында 800-ге жуық құқықбұзушылық және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзудың 2 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.