29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) Астана, Алматы мен Шымкент қаласында, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады.
Бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты әуе рейстері өзгереді
Фото: CaspianLife
947
оқылды

Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысына сәйкес, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) Астана, Алматы мен Шымкент қаласында, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады, –  деп хабарлады Көлік министрлігі.

"Министрлік халықаралық әуекөлігі қауымдастығымен (ИАТА) бірлесе отырып, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бойынша қажет жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде, отандық әуекомпаниялары билеттерді сату жүйелерін өзгертті. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін әуекомпаниялары ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жолаушыларға барынша ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 29 ақпаннан 2 наурызға дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жедел штабы базасында «жедел желі» ашылады. Рейстің ұшу уақыты өзгеру мәселелері бойынша жолаушылар +7 7172 798214, +77172 798213 нөмірлері бойынша хабарласа алады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомствоның Азаматтық авиация комитеті рейстің өзекті ақпаратын нақтылау үшін жолаушыларға әуежайдың анықтамалық қызметтеріне, әуекомпаниялардың қосымшалары мен  Call орталықтарына хабарласу керектігін атап өтті.

"Жолаушылар Air Astana компаниясының +7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77, FlyArystan-ның +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227), SCAT компаниясының  +7 7252 99 88 80 және Qazaq Air-дың +7 727 356 14 14 телефон нөміріне хабарласа алады", – делінген ақпаратта.

Бүгінде Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуін орнатуды уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген ғалымдар мен сарапшылар ұсынған болатын.