«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру үшін негізгі үш міндет белгіленген.
Ауылда дәрігер тапшылығын жою үшін 1 100 маман даярланады –  Ақмарал Әлназарова
Фото: t.me/АстанаСМИ
1,583
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы жайында баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, ұлттық жобаның шеңберінде 2024 жылы ауылдық жерлерде медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде 556 медициналық нысан салынбақ.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру үшін негізгі үш міндет белгіленген.

«Ұлттық жобаның бірінші міндетінің шеңберінде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде 2023 жылы 92 МСАК объектісінің құрылысы аяқталды, 7 жоба мерзімдерін бұза отырып аяқталады. Бүгінде 239 жоба бойынша ЖСҚ бар, 317 жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Ұлттық жобаның екінші міндетінің шеңберінде 32 аудандық аурухананы жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 12 жоба бойынша ЖСҚ бар,  9 жоба республикалық бюджеттен қаржыландырумен қамтамасыз етілген.

Ұлттық жобаны денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі үшінші міндеттің шеңберінде министрлік өңірлермен бірлесіп талдау жүргізді», – деді ведомство басшысы.

Министр ауылдағы медицина қызметкерлері тапшылығын шешу үшін 1 100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланғанын айтты.

«Алдағы екі жылда КАОА нысандары әкімдер гранттарының есебінен оқыған жас мамандардың қатарынан бейінді мамандықтар бойынша 486 дәрігерімен және 323 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік пакеттер өңір қаражаты есебінен тұрғын үй, көтерме төлемдер және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары түрінде көзделетін болады», – деді ол.