Еліміздің батысында, солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қар, тұман, екпінді жел: 28 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envanto
4,572
оқылды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 28 ақпанда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады, жел күшейеді.

 Қазақстан бойынша тұман күтіледі.