Ол полиция қызметкерлеріне өз еркімен көмек көрсеткен және өзін сатып алушы ретінде таныстырған азаматпен келісім жасаған кезде ұсталған.
Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған 25 жастағы жігіт сотталды
Фото: arasha.kz
818
оқылды

Көкшетау қаласының соты бүйрегін заңсыз сатпақ болған Ақтөбе тұрғынына қатысты үкім шығарды. 

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам бүйрегін заңсыз сатуға әрекеттенгені үшін сотталған. Ақтөбе қаласының К. есімді 25 жастағы тұрғыны бүйрегін сату үшін заңсыз келісім жасамақ болды (ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 116-бабы 1-бөлігі). 

«Сот оның әлеуметтік желіде ағзасын келісілген бағаға сату туралы хабарландыру жариялағанын анықтады», - делінген сот хабарламасында. 

Ол полиция қызметкерлеріне өз еркімен көмек көрсеткен және өзін сатып алушы ретінде таныстырған азаматпен келісім жасаған кезде ұсталған.

Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жайт ретінде оның шынайы өкінетінін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді.

 «Сот К.-ны 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті, сотталушы пробациялық бақылауға алынды», - деп атап өтті сот.

Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.