Ол мұндай "дәстүрдің" ел ертеңіне қауіп төндіретінін атап өткен.
"Өзіне ұнаса ала берсін": Танымал композитор Бекболат Тілеуханның көп әйел алғанын сынады
30,128
оқылды

Танымал сазгер, хит әндердің авторы Қалдыбек Құрманәлі көп әйел алуды қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Qasqa Jol” арнасына қонақ болған өнер иесі дәстүрлі әнші, экс-депутат Бекболат Тілеуханның көп әйел алғанын сынға алды. Онымен кезінде қатар жүріп, дос болғанымен, қазір араласпайтын көрінеді.

“Көп әйел алудың екі-ақ жолы бар. Бірі – еріккендік, екіншісі – әмеңгерлік. Көп әйел алу туралы әңгіме болғанда Бекболат Тілеуханның есімі жиі айтылады. Қазір де соны қозғап отырсың. Ол менің бұрынғы досым болған. Қазір араласпаймыз. Көп әйелге үйленген тойында болмағанмын. Әлеуметтік желі арқылы біліп отырмын. Өзі де жасырмай айтып жүреді", - деді композитор.

Ол жалғыз Бекболат емес, халық алдында жүрген әртістердің бәрі жеке өмірін жариялап жүретінін атап өткен. Оның пайымынша, бұл дұрыс емес.

"Ұрпақ уланып жатыр. Біреудің төртінші рет үйленіп жатқаны жақсы ма?! Бір әйелдің өзінен 10 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққаны дұрыс па?! Мен сол үшін күйіп-пісемін. Міне, өзің де Бекболат туралы айтқанымды қалап отырсың. Ол саған айлық бере ме?! Мен жамандағаннан ол әйелдерінен бас тарта ма?! Соны айтшы. Өзіне ұнаса ала берсін. Бірақ танымал тұлға ретінде үлгі-өнеге алатын адам емес. Маған десе, әр ұлттан алсын. Сосын арғын мен арабтан қандай бала туатынын көрсін?! Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізсін. Естігің келгені осы”, – деп ренжіді сазгер.