Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлытау облысында 3 адам иіс тиіп қайтыс болды
812
оқылды

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында 3 адам пештен шыққан түтінге уланып көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"27 ақпан күні Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары — ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша уланудың себебі – көмірмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу", – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.