Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.
Жамбылдағы республикалық автожолда көлік қозғалысы шектелді
Фото: egemen.kz
717
оқылды

Сағат 09:15-тегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км болатын 1 автожолда боранға, жолдың көрінуі нашар болуына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді: 

1. "Алматы-Ташкент-Термез" автожолы, Кенен ауылынан – Қайнар ауылына дейінгі аралық (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

Аталған учаскеде көліктердің жиналуы байқалмайды. 

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 414 бірлік техника және 841 адам жұмылдырылды.