Президент Көлік-логистика және Инновация орталықтарын ашу маңызды екенін атап өтті.
Инновациялық орталық Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға жаңа серпін береді – Тоқаев
Фото: Ақорда
704
оқылды

Президент Көлік-логистика және Инновация орталықтарын ашу маңызды екенін атап өтті, – деп хабарлады Ақорда.

«Бұл – «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы бойынша іске қосылған жоба. Қазақстан Төраға Си Цзиньпин 2013 жылы біздің елімізде жариялаған ірі жобаны толығымен қолдайды. Осы бастаманың арқасында орталықтың құрылысы қысқа мерзімде аяқталды. Мұның барлығы – екі ел арасындағы табысты серіктестік нәтижесі. Бұл жоба Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға жаңа серпін бермек. Сондай-ақ Еуразиядағы сауда-экономика ынтымақтастығын нығайта түседі деп санаймын. Осы орталықтың сапалы салынуына Қазақстанның және Қытайдың көптеген мамандары атсалысты. Мен бүгін баршаңызға ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанды Еуразияның негізгі транзит хабына айналдыру мақсатында қабылданып жатқан кешенді шараларды оң бағалады. Бұл ретте Мемлекет басшысы шын мәнінде бәсекеге қабілетті болу үшін заман талабына сай инновациялық шешімдер қабылдаған жөн деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамы мен Қытайдың Huawei компаниясы бірлесіп құрған Қытайдағы жаңа Инновациялық орталықты ашты.