Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5).
Сағат ауысқаннан кейін ұшақ, пойыздан қалып кетпеу үшін не істеу керек?
Фото: pexels.com
1,527
оқылды

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облысы әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді.

Айта кетейік, Қазақстанда уақытты есептеу мәселелері бойынша жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар Бірыңғай уақыт белдеуін құруды ұсынған еді.

Жұмыс тобы 2023 жылдың сәуір айында қазақстандықтардың неғұрлым қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы өтінішіне байланысты құрылды. Оған ғылыми институттардың, медициналық жоғары оқу орындарының, орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, Парламент депутаттары және т. б. кірді.

Жыл бойы медицина, физиология, география, метрология сияқты түрлі бағыттарды ұсынатын жұмыс тобының мүшелері Қазақстан аумағында қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді.

Жұмыс тобының қатысушылары UTC+5 Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу арқылы Қазақстанның көптеген өңірі шынайы (табиғи) уақытқа барынша жақын уақытты пайдаланады деген пікірге келісті.

Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені зерделеді, оның барысында бірыңғай уақыт белдеуі әлемнің 175 елінде қолданылатындығы анықталды. 

Сағат белдеуіне қалай бейімделу керек?

Алғашқы күндері мүмкіндігінше ұйқының ұзақтығын бір сағатқа ұзартқан дұрыс, сонымен қатар дұрыс тамақтану режимін сақтау керек (майлы, ащы, ысталған тағамдарды, фаст-фудты, тәттілерді алып тастаңыз), дәрумендерге бай тағамдармен байытыңыз. Таза ауада көбірек қозғалу және серуендеу, шамадан тыс жүктемені азайту, әсіресе балалар мен қарт адамдар, осылайша кәсіби және тұрмыстық жүктемені азайту пайдалы болады. Балаларға қатысты балаға көбірек көңіл бөлу және оның қыңырлығына төзімділік таныту. Егде жастағы адамдарға ұйықтар алдында жеңіл серуендеуге, шамадан тыс физикалық белсенділіктен аулақ болуға, қан қысымын бақылауға кеңес беріледі.

Пойыз бен ұшақтан қалып қоймау үшін нені білу керек? 

Көлік министрлігі көршілес теміржол әкімшіліктерімен және «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қатысушы қызметтерімен бірлесіп жолаушылар пойызының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Жолаушылар пойызындағы өзгерістер туралы ақпарат ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қолжетімді.

Жолаушыларды уақытылы хабардар ету үшін қызметкерлер арасында ҚР бойынша Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде жолаушылар және қала маңындағы пойыздардың жүру тәртібі туралы тиісті нұсқамалар жүргізіліп жатыр.

 Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы немесе @KTZH_PP_BOT Telegram ботының көмегімен тегін ала алады.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін авиакомпаниялардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетеді.

Атап айтқанда, Air Astana, SCAT және Qazaq Air әуекомпаниялары әуе билеттерін сату жүйелеріне қажетті өзгеріс енгізді, сондай-ақ барлық жолаушыға тиісті хабарлама жолданды.

29 ақпаннан 2 наурыз аралығында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің жедел штабының негізінде 8 7172 798214, 8 7172 798213 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, рейстің өзекті мәртебесін нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың анықтамалық қызметтеріне және Air Astana әуекомпанияларының Call-орталықтарына келесі нөмірлер бойынша 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77; FlyArystan 8 727 331 1010 (WhatsApp 8 702 702 0227); SCAT 8 7252 99 88 80; Qazaq Air 8 727 356 14 14 жүгінуі керек.

Сағатты ауыстыру кезінде гаджеттер мен ұялы телефонды қалай дайындау керек?

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақытылы көшу үшін әмбебап нұсқаулықты ұсынады.

Бұл жаңартуларды алмаған азаматтар олардың жоқтығынан алаңдамауы керек. Құрылғылардың бағдарламалық жасақтамасын соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет.

Автоматты жаңарту, параметрлерде уақытты автоматты түрде анықтау және интернет байланысы қосылған кезде уақыт автоматты түрде өзгереді, егер жоқ болса, қолмен өзгерту керек.

Жалпы ұсыныстар

1. Интернет байланысын тексеріңіз. Уақытты автоматты түрде жаңарту үшін құрылғы желіге қосылуы керек.

2. Уақытты автоматты түрде жаңартуды қосыңыз. Көптеген құрылғы желілік уақыт қызметтерін пайдаланып, күн мен уақытты автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді.

3. Құрылғыны өшіріп, қайта іске қосыңыз. Кейде өзгерістерді қолдану үшін өшіріп, қайта қосу қажет.

Операциялық жүйелер бойынша нұсқаулық

Windows

1. «Басқару тақтасы» > сағат және аймақ > Күн мен уақытты ашыңыз.

2. «Интернеттегі уақыт» қойындысына өтіп, параметрлерді «Өзгерту» түймесін басыңыз.

3. Интернет уақытымен «Синхрондау»  опциясы іске қосылғанына көз жеткізіп, «Қазір жаңарту» түймесін басыңыз.

4. Егер автоматты жаңарту жұмыс істемесе, Күн мен уақыт қойындысына өтіп, «Күн мен уақытты өзгерту» түймесін басып, дұрыс уақытты қолмен орнатыңыз.

macOS

1. Жүйе параметрлері > Күн мен уақытты ашыңыз.

2. Күн мен уақытты автоматты түрде реттеу опциясы таңдалғанына көз жеткізіңіз.

3. Егер қолмен орнату қажет болса, осы опцияны алып тастаңыз және қажетті өзгертулерді қолмен жасаңыз.

Android

1. Параметрлер > Жүйе > күн мен уақытты ашыңыз.

2. Күн мен уақытты автоматты анықтауды және автоматты уақыт белдеуін қосыңыз.

3. Егер автоматты орнату жұмыс істемесе, осы опцияларды өшіріп, күнді, уақытты және уақыт белдеуін қолмен орнатыңыз.

iOS (iPhone и iPad)

1. Параметрлер > Жалпы > Күн мен уақытқа өтіңіз.

2. Күн мен уақытты орнату опциясы үшін автоматты түрді қосыңыз.

3. Қажет болса, бұл опцияны өшіріп, дұрыс уақыт пен күнді қолмен орнатыңыз.

Қиындықтар туындаған жағдайда...

Амалдық жүйенің жаңартуларын тексеріңіз. Құрылғының ОЖ-нің соңғы нұсқасына дейін жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Басқа желілік уақыт қызметіне ауысыңыз. Кейбір операциялық жүйелерде балама уақыт серверлерін таңдауға болады.

Уақыт белдеуінің параметрлерін тексеріңіз. Орналасқан жеріңіз үшін дұрыс уақыт белдеуі таңдалғанына көз жеткізіңіз.

Желі параметрлерін тазалаңыз. Кейбір құрылғыларда желі параметрлерін жаңғырту уақытты автоматты түрде синхрондау мәселелерін шешуге көмектеседі.

Қолдау қызметіне хабарласыңыз. Егер мәселе шешілмесе, кәсіби көмек қажет болуы мүмкін.