Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өткізу пункттерінің жұмыс режимі өзгеретінін хабарлады.
Наурыздан бастап 9 шекара пунктінің жұмыс уақыты өзгереді
840
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өткізу пункттерінің жұмыс режимі өзгеретінін хабарлады. 

Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҰҚК шекара қызметі мына автомобиль өткізу пункттерінің жұмыс регламентіне өзгеріс енгізді:

Ресей Федерациясымен:
«Найза», Павлодар облысы
«Қоянбай», Абай облысы
«Байтанат», Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:
«Нұр Жолы», Алматы облысы
«Достық», Алматы облысы
«Қолжат», Алматы облысы
«Бақты», Шығыс Қазақстан облысы
«Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:
«Кеген», Алматы облысы.

1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пунктері сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Өзгерістер Үкімет қаулысына сәйкес, 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағат белдеуінің белгіленуіне байланысты енгізілді.