"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 1 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Тұман, жел, жаңбыр: 1 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
фото: pixabay.com
4,180
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 1 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, Қазақстанның оңтүстігінде қар, жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша тұман күтіледі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жел күшейеді.