Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі автомобильдік өткізу пункттерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Федерациясымен:
- «Найза», Павлодар облысы
- «Қоянбай», Абай облысы
- «Байтанат», Абай облысы
Қытай Халық Республикасымен:
- «Нұр Жолы», Жетісу облысы
- «Достық», Жетісу облысы
- «Қолжат», Алматы облысы
- «Бақты», Шығыс Қазақстан облысы
- «Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы
Қырғыз Республикасымен:
- «Кеген», Алматы облысы.
2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Өзгеріс Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай уақыт белдеуінің белгіленуіне байланысты енгізілді.