"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, республиканың шығысында суықтың біртіндеп әлсіреуі күтіліп отыр.
«Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы күндер көктемгі күншуақты болады деп күтілуде, тіпті елдің шығысында түнгі сағаттарда минус 36-дан минус 20 градусқа дейін суықтың біртіндеп әлсіреуі болжанады», – делінген хабарламада.
Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюімен бұлтты ауа райы болады деп күтілуде.