Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан алдағы күндер көктемге тән шуақты болады.
"Шуақты болады": 2-4 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
3,495
оқылды

«Қазгидромет» РМК 2-4 наурыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан алдағы күндер көктемге тән шуақты болады.

Тіпті елдің шығысында түнгі уақытта суық минус 36-дан минус 20 градусқа дейін біртіндеп әлсірейді.

Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында циклондардың әсерінен жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Күн негізінен бұлтты болады.