Елімізде уақыт белдеуі өзгерген күні 803 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 ақпанда сағат он екіге (00.00) дейін дүниеге келген 803 сәбидің ішінде екі егіз, 392 ұл және 411 қыз бар.
Тәуліктік туу бойынша көшбасшы Түркістан облысы болды. Онда 118 бала дүниеге келген. Содан кейін Алматы қаласы – 81 нәресте және республика астанасында 79 сәби өмірге келді.