Алматыда «Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасына еліміздегі ЖОО-лардан жас жүйріктер және Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстаннан келген жалпы саны 40-қа жуық ақын қатысты.
Жас ақындардың жыр додасы
726
оқылды

Биыл қазақтың «Үш бәйтерегі» Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған аламан айтыстың бас жүлдесін (500 мың теңге) Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университеттің студенті Қайдаров Бексұлтан алды.  І орын Моңғолия елінің жас жүйрігі Адилхан Іңкәрбекке (400 мың теңге), ІІ орын (300 мың теңге) Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Мұхтар Қонарбай мен Қорқыт ата атындағы Кызылорда университетінің студенті Дильназ Ержігітке бұйырды. 

ІІІ орынды (200 мың теңге) Қырғызстанның жас ақыны Ырыскелді Қалыбекұлы, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Нұрдәулет Өмірбеков және Каспий өңірі Болашақ колледжінің студенті Жанболат Алиев қанжығасына байлады. 

Одан бөлек, Темірхан Тебегенов, Оразалы Досбосынов, Есенқұл Жақыпбек, Ерік Асқаров, Әселхан Қалыбекова, Жарқынбек Наушабеков, Қонысбай Әбілов, Әзімбек Жанқұлиев, Зейнолла Сәнік атындағы арнайы жүлделер мен «Дара дарын» жобасының сыйлығы табысталды.