Биылдан бастап еліміз бойынша 2 миллионға жуық оқушы «ДосболLike: достық қолын соз» акциясына қосылды.
ДосболLike: қауіпсіз оқу ортасы
фото: Aikyn газеті
626
оқылды

Акция барысында 10 000-нан астам іс-шара өткізілді, онда әрбір оқушы өзін, өзінің даралығын, ішкі әлеуетін, шығармашылық қа­білетін көрсетті. 

Акция қорытындысы бойынша респуб­ликада балалардың эмоциялық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «ДосболLike» антибуллингтік бағдарламасы басталады. 

«Бұл бағдарлама биылғы наурыз айында пилоттық режимде басталады. Сәтті апробациядан өткеннен кейін «Досболlike» бағдарламасын бүкіл ел аумағында кеңейту жоспарлануда. Аталған бағдарлама – қауіпсіз оқу ортасын құру үшін маңызды қадам, онда әрбір бала өзінің қорғалғанын сезініп, өсіп-өркендей алады», – деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. 

Бағдарлама студенттердің жанжалдарға сындарлы жауап беру дағдыларын қалыптастыруға, балалардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамытуға, тұлғааралық және топаралық қатынастарды оңтайландыруға, балалардың субъективті әл-ауқатының деңгейін арттыруға бағыт­талған.