Қытымыр қыстың соңғы айы аяқталды десек те, теріскей жұрты Қамбар ата түлігінің шетінен қырылып жатқанына қапалы.
Әкімдік қол ұшын созды
768
оқылды

 Өңірдің бірнеше ауданында даланың бәрі жылқының өлекселеріне толып бара жатқанын бұған дейін де бірнеше мәрте жазғанбыз. Солардың бірі «Жылқы қырылған жыл» мақаласынан кейін Зеренді ауданы әкімдігі малды ауылдарға барып, жағдайларын біліп, қол ұшын созғанын естіп бір марқайып қалдық.

АIQYN көтерген мәселеден кейін аудан әкімдігі қолда бар мүмкіндіктерін пайдаланып, мақалада қозғалған Зеренді ауданы Қонысбай ауылдық округіне қарасты Васильков, Абай, Қонысбай ауылдарына арнайы КамАЗ көліктері мен жанармай ұсынып, далада көтерем болып әбден жүдеп-жадап қалған жыл­қыларына сабан мен шөп әке­­луіне көмек берген екен. Тұрғын­­дар алғысқа толы хатын алдымен редакцияға ұсынып, қиын-қыс­тау кезеңде малымен ғана кү­нелткен ауылдағы ағайынға кө­мек бергеніне шынайы риза­шы­­лықтарын білдірді. 

– Қонысбай ауылдық округі тұрғындарының атынан биылғы қыстың қиын-қыстау кезінде көмектерін беріп, даладағы жыл­­қыларымызға шөп пен сабан жеткізуге көмек берген Зеренді ауданы әкімдігі мен Әсен Жақ­­сылықовқа шынайы алғысы­­мызды білдіреміз. Аудан әкімдігі жем-шөп жеткізуге техникалары мен жанармайын ұсынып, далада тіске басар шөп таппай жүрген жылқыларымызға түсіргеніне ауылдың әрбір қарапайым азаматы қатты дән риза болды. Биыл­­ғы қыс бәріміздің төзіміміз бен бір-бірімізге деген адамгершілік қасиеттерімізге сынақ бол­­ған сияқты. Әрдайым осындай халықтың алғысына бөлене берсін дейміз, – дейді ауыл жыл­қышысы Темірбек Ғалымов. 

Аудан әкімдігі жеке шаруа­шы­лықтар мен мал ұстайтын ауыл адамдарына мұндай көмек беруге арнайы қаржы қарас­тырылмағанын, бірақ болып жат­­­қан қиын жағдайға байланыс­ты қолдан келгенше көмек ұсын­ғандарын жеткізді. 

– Әрине, биылғы қытымыр қыс­­­­­та болған ауа райының қо­лай­­­­сыздығы, әсіресе ауылдағы мал баққан жұрт үшін өте ауыр соқты. Жылқылардың көбі жүдеп-жадап кеткендіктен иелеріне қайта­­рылды. Мұз басқан далада тебіндей алмай жатыр. Жылқы жеке адамдардың малы болғандықтан әкімдікте оған қарас­­­тырылған арнайы бекі­тілген қаржы жоқ. Дегенмен ел ішіндегі күрделі жағ­­д­­­­­айға назар аударып, аудан әкі­мінің нұс­қауы­мен қолдан келгенше далада жүрген жыл­қыларға жем-шөп тасуға КамАЗ көліктері мен жанармай ұсы­­­­­нылды, – деді Зеренді ауданы әкімдігінің бас­­пасөз қызметі. 

AIQYN көтерген мәселеден кейін сең қозғалып, қазір түйткіл облыс әкімдігінде де қаралып, қалған жылқыларды аман алып қалу жайы, сондай-ақ ауылды ай­мақтардағы жайылым жайы талқыға салынып жатыр. Күн са­­­нап өңірде аштықтан қырылып жатқан жылқы мәселесі жергі­лікті атқарушы органдармен қатар, Үкімет пен Парламент дең­­гейінде қаралып, дереу арада кешенді әрекет жасалса жөн бо­лар еді деген ойдамыз. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы