Қымбатшылық қыспаққа алған бүгінгі қоғамда күнделікті тұтынатын тауарларды халыққа қолайлы бағада ұстап тұру маңызды.
Әлеуметтік дүкендер әуре етеді
666
оқылды

Соған орай Сыр өңірінде азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бетбұрыс жасалып, әлеуметтік дүкендер жұмыс істеп келеді. Алайда халықты арзан бағада азық-түлік өнімдерінен қамтамасыз етуге негізделген арнайы дүкендер желісі көптің талабына сай келе ме?

Қызылорда облысы әкім­дігінің 2019 жылғы 9 қыр­күйек­­тегі №56 қаулысымен «Қызыл­­­­орда облысы бойынша әлеу­­­­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақ­­­­­тан­дыру тетіктерін іске асыру қағи­да­­­ларын бекіту туралы» қаулы қабыл­­данған. Онда әлеу­­­­меттік маңызы зор 19 азық-түлік өнімі­нің бағасы арнайы ба­­қы­­­­­­­­­лауда болатыны көрсетілген. Соған орай Қызыл­­орда облысы бойынша азық-түлік өнім­­­­­дері­­мен қам­та­масыз етуге негіздел­­ген әлеу­­­­­­­­­­мет­­­тік дүкендер қызме­­­тін қа­­лып­т­астыру міндеттелді. Содан бері халықты арзан өнім­мен қам­та­масыз ететін «Бай­­­қоңыр» әлеу­­мет­­­­тік кәсіп­­­керлік кор­пора­ция­­­сының ат­қар­­ған жұ­мысы аз емес. Бұл жа­йында арнайы брифинг ұйым­­­­дас­тырып, жан-жақты тү­сіндірді. 

«Байқоңыр» әлеуметтік кә­­­сіпкерлік корпорациясы» АҚ 2023 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін об­­лыстық бюджеттен 1 млрд 139 млн 900 теңге қаржы қарал­­ды. Оның ішінде тұрақтандыру қорының тауарын сатып алу үшін 901 млн теңге, ал кәсіп­­­­­керлік субъектілер үшін 238 млн теңге бөлінді. Бүгінде тұрақтан­­­­дыру қорында 755 млн теңгенің тауары – 373 тонна өнім бар. Оның ішінде 24 тонна – қы­­­­­рық­­қабат, 48,5 тонна – картоп, 49,6 тонна – қарақұмық, 535 тон­на – пияз, 7,4 тонна – мака­рон, 302 тонна – тауық еті, 151 тонна – өсімдік майы, 1 193 тонна – қант, 197 тонна – сәбіз, 638 тонна – күріш, 14,5 тон­на тұз өнімі секілді азық-түлік қоры сақталып тұр. Бұған қоса, жеткізушінің қо­­­лында 1 млрд 67 млн теңге бола­­­тын 7 241 тонна өнім бар. Тұрақ­тандыру қорын 2023 жылғы күзгі көкөніс өнімдері­мен қам­­­­та­­­­­масыз етуде пилоттық жо­ба не­гізінде жергілікті өндіру­­­­шілермен фор­­­­вард­­­­­­­тық келісімшарттар жүргізіп келеді. Өнім­­­­дерді халыққа 37 әлеу­­меттік дүкен­­­­­дер бойынша қамтамасыз ету көздел­­­ген. Бұған қоса, Қы­­зыл­­­­орда қаласында 13 әлеу­­мет­тік бұрыш жұмыс іс­тейді», – деп мәлімдеді «Бай­­қоңыр» ӘКК АҚ Тұрақтан­­дыру қорының жұмы­­сы жөнінде бас­қарма басшысы Мейрамбек Серікбай.

Қызылорда қаласы бойынша 37 әлеуметтік дүкендер ар­қылы халыққа 19 азық-түлік өнімі қол­­­­­жетімді. Дейтұрғанмен, ха­­­лық оның барлығы дерлік талап­­­­қа сай жұмыс істеймейтінін айтуда. Мә­селен, Қызыл­­­­орла қала­сы аума­­ғындағы 4 әлеу­меттік дүкеннің көптен бері жұмыс істемей тұрғаны көп­­ші­ліктің наразы­­­лығын туғызып тұр. Кей дүкенде міндеттелген 19 азық-түлік өнімі толық бола бермейді.

«Тұрақтандыру қорының 5 220 тонналық екі қоймасы жұ­мыс істейді. Күнделікті сұра­ныс­қа сай әлеуметтік дүкендерге өнім­­­­­­дер таратылып жатыр. Жұ­­­мысшы күші жеткілікті. Арнайы көліктер де бар. Одан бөлек, жеке дүкендері бар кә­­сіп­­керлер ке­­­лісімшартқа отырып, бүгінде жеке дүкендер жанынан 14 әлеу­­меттік бұрыш­тар ашы­­лып, жұ­­мыс істеу­де. Қа­­­­­зір қала аума­­­ғын­­­­­­­­­да 4 әлеу­­­мет­­тік дү­­кен – Тас­бөгет кен­­ті, Талсуат ауылы, Са­ба­­­­­­­лақ саяжайы мен Салық бас­қар­­масы шағын ауда­­­нын­­­дағы сау­да орны жұмыс істемей тұр. Себебі кәсіп­­­керлер дүкен жұмы­сын жү­­йелі жүргізе алмай, өзі­мізге қайтарып беруге өтініш жазды. Қазір қа­­­­былдап алу жұ­­­мысы жүріп жатыр. Бұл дү­­­­­­кендер қайта ашылады. Кей әлеу­­меттік дүкен­­дерде азық-түлік өнімінің жетіспеушілігі де бар. Мұнда да кәсіп­­­керлер жет­кізіп берген өнім­нің ақысын уақы­­тылы есептеспей, қарызға батып отыр. Қарызы бар осындай 9  дү­кендегі кәсіп­­­керге өнім түрін жеткізуге шектеу қо­­­йып тұрмыз. Ал­дағы уақытта кә­­­сіп­керлерге түсіндірме жұмы­­­сын жүргізіп, мәселені шеше­міз», – деп түсін­дірді Мейрамбек Ке­ңесұлы.

Облысқа қарасты аудандар да назардан тыс қалмауы тиіс. Осы мақсатта аудан орталықта­рын­­дағы ахуалды бағамдап көр­дік. Арал, Қазалы ауданда­­рын­­­дағы жағдай көңіл көншіт­пейді. Қос ауданның халқы әлеу­­­меттік дүкенге мұқтаждық басым еке­­нін айтады. Арал өңі­рінің халқы әлеуметтік дүкен ашылғанын күтіп жүр. Бұған дейін тек әлеу­меттік бұрыш жұ­мыс істеген. Қазір оның да жұ­мысы тоқтап тұр. Корпорация алдағы уақытта әлеуметтік бұрыш жұмы­сын жандандыратынына сендірді. Бірақ 80 мың­­дай халқы бар өңір­ге әлеуметтік дүкен керек-ақ. 

Қазалы ауданындағы жағ­­дай тіптен мәз емес. Аудан әкім­­­­­­­­­­­ді­гінен мәселенің себебін түсінуге тырыстық. Қазалы ау­­даны әкімі­нің баспасөз қыз­­­меті аудан орта­­­­лығында бұған дейін жұмыс істе­­­­ген әлеуметтік дүкен жабыл­­­­­ғанын айтты. Әйт­­се де, халықты әлеуметтік ма­­ңызы зор азық-түлік өнім­­­­­дері­­­мен қамтамасыз ету назардан тыс қалмайтынына сендірді. Алдағы уақытта әлеу­­меттік бұ­­­­рыш ашу жоспары бар. 

Сонымен қатар күріш шаруа­­­­­­­­­­шылығы өркен жайған Қармақ­­шы, Жалағаш ауданда­­­­­­­рындағы жағ­­­­­­­­дай да көңіл қуантпайды. Жа­­­­­­ла­­­­ғаш ауданы әкімдігі кентте жұ­мыс істеп тұр­­­ған жалғыз әлеу­мет­тік бұр­­ыш халықтың талабын өтеп тұрға­нын алға тартты. Ал Қар­­­­­­мақшы ауданының орталығы Жоса­­­лы кентінде халықты әлеу­меттік маңызы зор азық-түлік тауар­­­­­­­­­лары­мен қамта­масыз ету жұмы­сы мүлдем жолға қойыл­­­маған.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған түсін­­­дірмеге сүйенсек, Жосалыда бір­де-бір әлеу­­­меттік дүкен жоқ. Алайда Бай­­қоңыр қала­сы­мен іргелес қо­ныс­танған Төретам кентінде бір әлеу­­меттік дүкен жұ­­­мыс істейді. Бұл сол ау­мақ хал­қына аудан орта­­лығына сабылмай, әлеу­­­меттік маңызы зор азық-түлік өнімдерін арзан баға­да алуға мүмкіндік беріп отыр. Осы ар­­қылы аудан орта­­­лығынан шал­ғайда қоныс­­­танған аталмыш кент тұрғын­­­­дарының талабы орындалып тұр екен. 

Корпорация былтыр бағаны тұрақтандыру мақсатында Қы­зылорда қаласында 27 рет жәр­­­­­меңке ұйымдастырған. Жыл басынан бері қала іргесіндегі Тас­бөгет кентінде екі жәрмеңке өт­кізген. Әр жәрмеңкеде халық­­­қа 10 мың тоннадай өнім ұсы­­­ныл­ған. Мұндай қамқорлық алыс ауылдардағы жамағатқа жет­пей жатқаны қынжылтады. 

Жалпы, Сыр өңірінде ха­­­­лық­ты әлеуметтік маңызы зор азық-түлік өнімдерімен қамта­­масыз ету, әлеуметтік дүкен­­­­­­дердің жұ­мы­­­сын үйлестіруде әлі де атқа­рылуға тиіс шаруалар аз емес. Бұл тұрғыда қала аумағында орналас­­қан әлеуметтік дүкен­­­дердегі кейбір кем-кетіктер қал­­пына кел­­тіріліп қана қоймай, ауыл­дағы ағайынның да базынасы назардан тыс қалмауға тиіс. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы