Семейде жеткіншекті аңдыған ер адамды ұстау кезінде күдікті тәртіп сақшысына пышақ жарақатын салды.
Семейде жеткіншекті аңдыған ер адамды ұстау кезінде оқыс оқиға орын алды
ІІМ
803
оқылды

Полицейлер 13 жастағы қыздан белгісіз ер адам оны артынан қуып жүргені туралы хабарлама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

102 операторына бойжеткен сыртқа шығуға қорқып, дүкенде күтетінін айтқан.

Дереу учаскелік полиция инспекторлары шақыруға жіберілді, олар супермаркеттің жанынан күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысқан, бірақ жігіт қолындағы пышағымен, тәртіп сақшыларына қарай жүгірген. 

Учаскелік полицейлер ер адамның дүкеннен кетуі керек екенін түсінді, өйткені ол маңдағы өткінші адамдарға зияны тиіп кетуі мүмкін еді. Агрессив көрсеткен ер адамның назарын аударып, полицейлер рациямен көмек сұрады, патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына келді. 

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полицей Асхат Ахатовқа күдікті пышақ жарақатын салған. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді ұстады. Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.