Қазақстан құрамасы көркем жүзуден (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы алтын медаль жеңіп алды
2,017
оқылды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржыны 1 алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы көркем жүзуден (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды. 

Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.

Көркем жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс

Қазақстан - 204.6708 ұпай

Өзбекстан - 183.5552

Таиланд - 124.9374