Оқиғаның видеосы 3 наурызда тарады.
Ақтауда полиция көпқабатты үйден секіріп кетпек болған қызды іздеп жатыр
Фото: видеодан скрин/ladakz
721
оқылды

Полиция департаменті 3 наурыз күні түстен кейін 32Б-шағынауданындағы Amanat тұрғын үй кешенінде болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

lada.kz сайтының жазуынша, тәртіп сақшылары 20 жастағы қыздың тұрғын үй кешенінің терезесінен секірмегенін, алайда кейін ол үйден белгісіз бағытта шығып кеткенін анықтағанын айтқан.

«Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, оқиғаның  видеосы 3 наурызда Ақтау пабликтерінің бірінде жарияланған болатын.