Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақтөбеде ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 2 жігіт ұсталды
Фото: azattyq-ruhy.kz
840
оқылды

Ақтөбе қаласында студентке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 2 адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, 19 ақпан күні белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кетуге тырысқан.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде күдікті 18 және 19 жастағы екі жігіт анықталып, ұсталды. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.