Мәжіліс төрағасы 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған.
Мәжіліс төрағасы Ресей Федерациясына ресми сапармен барды
Фото: parlam.kz
950
оқылды

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына баруы жоспарланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.

Казанда Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.