Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді.
Алматыда жақын арада күшті жер сілкінісі 70% күтілмейді – комиссия
Коллаж: Aikyn.kz
774
оқылды

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылғы 4 наурыз күні 12 сағат 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

2024 жылғы 4 наурыз күні сағат 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.

Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.

"Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% ықтималдықпен күтілмейді деген қорытындыға келді.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады. 

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.