5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар болжанады.
Жаңбыр, жел, көктайғақ: 5-7 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: egemen.kz
1,227
оқылды

"Қазгидромет" РМК 5-7 наурызға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар болжанады.

7 наурызда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен тек еліміздің шығыс аймақтарын қоспағанда жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Қазақстан бойынша тұман күтілуде.

Температуралық фонға келетін болсақ, аздаған жоғарылуы күтілуде және термометрлердің бағандары 7 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 аязға, оңтүстікте 5-15 жылыға жетеді.