«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы су тасқыны бойынша негізгі болжамын жариялады. Еліміздің өзендеріндегі көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеу деректеріне сәйкес жасалды.
Тасқын қаупі жоғары өңірлер аталды
4,603
оқылды

«Қазгидромет» РМК өңдеген NASA спутниктерінің Жерді қашықтан зондтау суреттері бойынша 2024 жылғы 1 нау­рыздағы жағдайға сәйкес, Қ­а­зақстанның 72% аумағында қар жатыр. Жауын-шашын мөл­шерін, қардағы су қорын, топы­рақтың күзгі ылғалдығы көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзен­дердің мұз режимдерін тал­дай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді», – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.

Осылайша, су тасқыны қаупі жоғары өңірлер ретінде Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары аталды.

Орташа қаупі бар өңірлер – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары болса, Маңғыстау облысында су тасқыны қаупі жоқ. Қазір қар жиналу процесі жалғасып жатыр.