Іс-шараға Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров пен Академия ректоры Зәуреш Баймолдина да қатысты.
Жоғарғы сот төрағасы сот реформалары туралы айтып берді
832
оқылды

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Сот төрелігі академиясының магистранттары алдында лекция оқып, сот реформалары туралы айтып берді.

«Барлық бастамалар адамдарға арналған. Біздің азаматтарға, бизнеске және инвесторларға біздің реформаларымыз ғана маңызды емес, сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары сапасы да маңызды», – деп атап өтті Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Сот төрелігі академиясының магистранттары алдында оқыған лекциясында.

Іс-шараға Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров пен Академия ректоры Зәуреш Баймолдина да қатысты.

70-тен астам магистрант сот билігінің мемлекет пен қоғамдағы рөлі, сот жүйесінің қалыптасу кезеңдері, сапалы сот корпусын құру, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен судьялар мен соттардың тәуелсіз мәртебесін нығайтудың келешегі туралы дәріс тыңдады.

Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысы алға қойған заңның үстемдігі қағидаты еліміздің прогрессивті ілгерілеуінің негізі екенін еске салды.

Кәсіби сот корпусын қалыптастырудың маңыздылығын талқылай келе, лектор Сот төрелігі академиясын барлық кадрлық мәселелер шешілетін Жоғары Сот Кеңесінің құзырына беру мәселесіне тоқталды.

Спикер апелляцияның жауапкершілігі мен судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, азаматтардың әділетті және қолжетімді сот төрелігіне құқықтарын арттыруға, судьялардың әлеуметтік пакетін жақсартуға және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ цифрландыруды дамытуға бағытталған өзгерістерге қысқаша тоқталды.

А.Мерғалиев сот жүйесіндегі қарқынды өзгерістерге тоқталып, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін уақыт қажет екенін атап өтті, сондай-ақ судьялардың, оның ішінде өршіл де адал жас өкілдерінің еңбегі зор екеніне сенімін білдірді.

Дәріс соңында Жоғарғы Сот Төрағасы магистранттардың сұрақтарына жауап берді.