Алматы қаласының прокуратурасы жеке тұлғаның өтінішін қарауды әуре-сарсаңға салу фактісі бойынша ұсыныс енгізді.
Алматыда лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Фото: gov.kz
1,241
оқылды

Алматы қаласының прокуратурасы жеке тұлғаның өтінішін қарауды әуре-сарсаңға салу фактісі бойынша ұсыныс енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алайда Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қадағалау актісіне уақытылы жауап бермеді.

Осыған байланысты қала прокуратурасы осы Басқарма басшысының орынбасарын ӘҚБтК-нің 664-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартты, іс қысқартылған тәртіппен қаралды.

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабына сәйкес ұсыным онда көрсетілген заң бұзушылықтарды лауазымды адам немесе орган күнтізбелік отыз күн ішінде жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, ал егер адам мен азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптар туындауы мүмкін болса, прокурор белгілеген мерзімде қаралуға жатады.