ІІМ азаматтарды көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады.
Астанада көші-қон тәртібін бұзған 119 шетелдік азамат ұсталды
818
оқылды

Астана қаласының көші-қон қызметкерлері жергілікті рейд жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Рейд барысында пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.

Астанада бір күн ішінде елдегі жүріп-тұру тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды. 

Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.

Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.

ІІМ көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады.

«Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидасын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар», – деп ескертеді ведомстводан.