Астана қаласының көші-қон қызметкерлері жергілікті рейд жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Рейд барысында пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.
Астанада бір күн ішінде елдегі жүріп-тұру тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды.
Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.
Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.
ІІМ көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады.
«Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидасын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар», – деп ескертеді ведомстводан.