84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізу кезінде бір топ тұлға анықталды.
Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған доллар сатпақ болған алаяқтар ұсталды
661
оқылды

Шымкент қаласында аса ірі мөлшерде жалған доллар сатпақ болған алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалған ақша жасаушылардың заңсыз қызметін ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті әшкерледі. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізу кезінде бір топ тұлға анықталды.

«Күдікті екі адам ұсталды және оларға қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – деп хабарлады ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтап, жолын кескені хабарланған болатын.

«Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК жалған долларларды өткізу күдігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, ол өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатқан қылмыстық істің мән-жайларына қатысы бар. Қазіргі таңда осы топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қолма-қол ақшамен операциялар мен есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде қырағылық танытуға шақырады», – делінген хабарламада.