Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі
"Жаңбыр, тұман, 20 градус жылы": 7-9 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
4,736
оқылды

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман болжанады.

Күндізгі уақытта термометр көрсеткіштері мынадай белгіге жетеді: республиканың батыс облыстарында 0-8 градус аяз, солтүстік облыстарда 4 градус аяз 1 градус жылы, оңтүстік облыстарда 10-20 градус жылы болады.