Мәліметтер бойынша, екі ер адам да мас болмаған.
Ақмола облысында көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды
Фото: Halyq Uni
748
оқылды

Есіл қаласында (Ақмола облысы) көлік жуу орнында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 5 наурызда болған. Полиция екі адамның да жеке басын анықтады. Қаза болғандардың бірі – Есіл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты. Екіншісі – жергілікті тұрғын.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Мәліметтер бойынша, екі ер адам да мас болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.