Өрт шарпыған жердің жалпы аумағы – 40 шаршы метр.
Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Фото: egemen.kz
659
оқылды

Алматы қаласында 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, қалалық ТЖД күштері мен құралдары 6 наурыз күні сағат 22.44-те Бостандық ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмылдырылған.

Алдымен мамандар 7-қабатта орналасқан пәтерде үй заттарының жанып жатқанын анықтады. Баспалдақтардың тұтануы байқалған. Өрт шарпыған жердің жалпы аумағы – 40 шаршы метр.

Тұрғындардың кейбірі өздері сыртқа шығып үлгерген. Ал іште қалғандарын құтқарушылар өрт сөндіру техникасының автосатысы арқылы эвакуациялады.

Өрт сағат 23.08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.