"Қазгидромет" синоптиктері ескерту жасады.
Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: zhaikpress.kz
2,282
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 7 наурыз күні төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қостанай облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.