ДНҚ қорытындысы өнер иесінің баланың әкесі еместігін көрсетті.
"Бейбіт Қорған сотқа берді": Меруерт Түсіпбаева сахнадағы әріптесіне жауап берді
Фото: Өнер жұлдыздарының парақшаларынан алынды
1,623
оқылды

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Бейбіт Қорғанмен сотта кездесетінін айтып, желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желілерде атыраулық келіншек Нұргүл Зиханова “Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған” деген ақпарат таратып еді. Алайда ДНҚ қорытындысы өнер иесінің баланың әкесі еместігін көрсетті.

“Менің бір ой салар жазбам үшін, Бейбіт сотқа береді деген ақпарат тарапты. Мен әлемде болып жатқан кез келген мәселеге мәдениетті түрде пікірімді білдіруге құқылымын. Жазбамды еш өзгеріссіз қайтадан жариялаймын. Сотта да ақымақтар отырған жоқ. Өзім де ұл өсіріп отырмын. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Бағдарламаның ДНҚ тапсырған бөлімін көріп, көңілім су сепкендей басылды. Жабырқау күйге еніп, құлазыдым. Арнаның журналистеріне рейтинг керек. Көрерменге шоу қызық. Бес жылдан кейін белгілі болған әйел мен еркектің де жағдайы белгілі. Ал  бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Бейбіт баланың жанынан өте шыққанда жүрегім дір етті. Ол ер бала ертең есейіп, мына дау-дамайды көргенде қандай күй кешеді?! Ересектердің біреуі баланы ойлап отырған жоқ”, – деп ренжіген еді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, осы пікірі үшін әріптесі сотқа бермекші көрінеді. 

“Бейбітті қаралайтын сөйлем жазған емеспін. Отбасына тіл тигізбедім. Мен мейірім туралы ғана жаздым. Менің түсінгенім бойынша, әйелдің басты мақсаты – баланы емдеу. Шоусыз-ақ ДНҚ тапсыруға, адвокат жалдауға оның ақшасы болмаған. Бейбіт 6-7 адамды сотқа береді екен. Арасында мен де бармын. Ешкімді сөгіп, қараламаймын. Құдай баламен сынамасын! Бала ауырғаны ең жаманы. Соттан да қорықпаймын. Естеріңізде болар, стилист Жадыра Сахиева (Жадо) мені сотқа сүйреп, өзі соңында сот залынан кешірім сұрап шықты”, – деп жазды өнер иесі.