Атырау облысында былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары 28 кәсіпорынның 223 жұмысшыға 66 млн теңге еңбекақы берешегі барын анықтады.
Атырау облысында 4 кәсіпорын жұмысшыларға 33 млн теңге қарыз
Елена Сүндетова
341
оқылды

Жыл соңына дейін 24 мекемеден 165 жұмысшының 33 млн теңге жалақы берешегі өтелген, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек, былтыр жұмысшылар 2158 шағым түскен. Бұл алдыңғы жылдан 26 пайызға артқан. 

«Шағымның дені жалақыны уақытында төлемеу, жұмыстан заңсыз шығару, еңбек шартын жасамау, қауіпсіздік талабын сақтамау секілді мәселелерді қамтыды. Еңбек кодексінің талабын бұзған кәсіпорындарға 17 млн теңгенің айыппұлы салынды. Жұмысшының еңбекақысын төлемеу – әлеуметтік жағдайына әсер беретін фактор. Сол себептен, еңбекақыны кідірту мен төлемеу жағдайына жол бермеу үшін тиісті органдармен бірлесіп, жүйелі түрде мониторинг жұмыстарын жүргізудеміз. Қазір жеке сот орындаушылары үш мекемеден 20 жұмысшыға 11,6 млн теңге жалақы берешегін мәжбүрлі түрде өндіру жұмысын қолға алды. Ал, «ГазСтройМонтаж KZ» ЖШС-да 38 жұмысшыға 21,4 млн теңге жалақы берешегі қалыптасқан. Осыған байланысты тиісті жұмыс атқарылып жатыр», - деді Игілік Әубәкіров.

Оның айтуынша, әр жұмысшы Еңбек кодексінің талабын білу қажет. Заң табалын білу өз құқығын қорғауға жол ашады.