Жоғалып кетті делінген парақтар Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан табылды.
Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының жоғалған беттері табылды
954
оқылды

Бұл – "Әдебиет танытқыштың" соңғы беттері. Осы жаңалық туралы мұратанушы Әділет Ахметұлы мәлімдеді. Бұған дейін зерттеушілер аталмыш еңбектің толық емес нұсқасын оқып келген еді. 

- Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет таныт­қышының" соңғы беттері табылды. Жәдігер мұраның соңғы беттері жыртылмаған нұсқа­сы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­ханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында болып шықты. Бұған дейін алаштанушы ғалымдар, олардың ізін басқан жастар сан рет шиырлаған қазыналы қордан арнайы іздегенде табылмай, кездейсоқ ұшырасып қалғанына өзіміз де таңбыз, – деп жазды ғалым. 

Ғалымның сөзінше, жоғалған парақтар саны – екеу. Ахмет Байтұрсынұлы осы екі парақта "Айтыс-тартысқа" жататын бес атауды қысқаша ғана таныстырған. 

Бүгінде осы бір нұсқа Қазақстанның ұлттық электронды кітапхана сайтына жүктелген.